Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр: «Балабақшада ағылшын тілі оқытылмайды»

26.08.2020, 12:30 406

HALYQLINE.KZ Балабақшада ағылшын тілі енді оқытылмайды. Ал тәрбиешілерінің жалақысы көбейеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді.

“Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін үйрету сабақтарын алып тастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, тәрбиешілердің жалақысын көбейту жоспарлануда”, – деді министр.

Сонымен қатар, министр мектепке дейінгі білім бері ұйымдарындағы мұғалімдер мен әдіскерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында категориялар беріліп, жалақылары соған сай есептелетінін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: