Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік грант конкурсына 6996 түлек қатысуда

21.07.2023, 9:50 156

HALYQLINE.KZ Аймақтағы 330 мектепте (295 мемлекеттік, 24 жекеменшік, 8 кешкі мектеп, 3 арнайы мектеп-интернат) 179 869 оқушы білім алуда.

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша 11-сыныпты бітіруші 8 051 түлектің 7 219-ы немесе 89,6 %-ы ҰБТ-ға қатысты. Түлектердің орташа балы 87-ні құрады.1213 түлек 100 және одан жоғары балл жинаған. Шекті деңгейден өтпегендер саны (49 балдан төмен) – 223.

Мемлекеттік грант конкурсына 6996 түлек қатысуда. Облыс бойынша ең жоғары – 137 балды Арал ауданы №220 орта мектептің түлегі алды. Сол секілді Қызылорда қаласының сынақ тапсырушылары 134, Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандары және №9 Білім-инновация лицейінің түлектері 133 балл жинап, жоғары нәтижеге жетті.

Оқу жылын 514 түлек «Алтын белгіге» және 823 түлек «Үздік аттестатқа» аяқтады. Жаңа 2023-2024 оқу жылында 1-сыныпқа 17 543 бала келеді деп күтілуде. Оның ішінде 16 141-і немесе 92%-ы қазақ сыныбына 1 402-і немесе 8 %-ы орыс сыныбына оқуға өтініш білдірген.

Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 800 мың орынға лайықталған білім ошақтарын салуға тапсырма бергені белгілі. Ұлттық жоба аясында облыста 2023-2025 жылдары 15 100 орынға арналған 21 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласында – 8, Арал ауданында – 4, Қазалы ауданында – 2, Қармақшы ауданында – 2, Жалағаш ауданында – 1, Сырдария ауданында – 1, Шиелі ауданында – 1, Жаңақорған ауданында 2 мектеп салынады.

Оның ішінде 10 мектеп 2024 жылы, 11 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде аймақта 6 апатты (Арал ауданы №248 мектеп, Қазалы ауданы №94 мектеп, Қармақшы ауданы №105,108 мектептер, Шиелі ауданы №45, 133 мектептер), 6 үш ауысымдық оқытуға көшуі мүмкін мектеп (Қызылорда Абай мектебі №3, 101, 261, 264, 280) бар.

Қазір Арал ауданы Тоқабай елді мекеніндегі апатты №248 мектепті жеке инвестор салуда. Мектеп осы жылы пайдалануға беріледі.

4 апатты мектептің құрылысы (Қазалы ауданы №94 мектеп, Қармақшы ауданы №105, 108 мектептер, Шиелі ауданы №45) «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасына енгізілді. Жоспарға сәйкес мектептер 2024-2025 жылдары іске қосылмақ.

Сонымен қатар, Шиелі ауданы Жансейіт елді мекеніндегі 100 орындық №133 мектептің құрылысына жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Бұл құрылысты Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен қаржыландыру ұсынылды.

Қызылорда қаласындағы 6 үш ауысымды мектеп бойынша былтыр Абай мектебіне 550 орындық, №101 мектеп-лицейге 375 орындық қосымша ғимарат құрылысы басталды. Аталған нысандар жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.

Биыл пайдалануға берілетін Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық мектеп есебінен үш ауысымды №261, 280 мектеп мәселелері шешімін табады. Сондай-ақ, №264 мектеп-лицейге 550 орындық, №3 мектеп-лицейге 375 орындық қосымша оқу ғимаратының құрылысы биыл басталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: