Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мейрамбек Шермағанбет қаладағы жеке мектептерді аралады

21.09.2022, 9:30 451

Күні кеше облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет қаламыздағы бірқатар жеке мектептерді аралап, жағдайымен танысты.

Басқарма басшысы ең алдымен облыс орталығындағы 500 оқушыға арналған заманауи «Зерде» интеллектуалды мектебіне барды. Білім ордасының материалдық-техникалық базасымен танысып, оқушылармен және мұғалімдермен кездесті.

Мұнан кейін қаламызда жаңадан ашылған «125 HIGH SCHOOL» жекеменшік мектебінде болып, жұмыс процесімен танысты. Аталмыш білім ордасының басты ерекшелігі – 10-11 сынып оқушыларына арналған. Мұнда енді қызылордалық мектеп бітіруші түлектер мектеп бағдарламасы мен дайындық курсын арнайы методика негізінде бір жерде оқи алатын болады. Қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп жатқан жеке мектепте ҰБТ-ға қатысатын 100 ден астам оқушыға 30 мұғалім ұлттық сынақтың жеті бағыты негізінде білім беруде.

Аралау барысында Мейрамбек Зинабдинұлы қаламыздағы «Бәйтерек SCHOOL» жеке мектебінде болып, материалдық базаларымен танысып, оқушылармен сұхбаттасты. 2019 жылдан бастап ашылған жеке білім беру ұйымында бүгінде 340 орындық екі аусымды мектеп, 600 орындық ақылы мектеп және 250 балаға шақталған мектеп интернаты жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 1522 оқушы білім алатын білім ордасында 8 үйірме жұмысы жүйелі жұмыс жасауда.

Айта кетейік, осы кезге дейін облыста 6500-ден аса орынға арналған 19 жеке білім ордасы пайдалануға берілсе, биыл жаңа оқу жылының қарсаңында 2 жаңа мектеп ашылды.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: