Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Майра Мелдебекова жаңа қызметке тағайындалды

20.02.2020, 10:51 324 0

Майра Мелдебекова Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды, – деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

М.Мелдебекова 1971 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Физика және информатика пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент қаласындағы №8 мектеп-гимназиясының мұғалімі ретінде бастаған. 2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бас маман, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болды. 2017 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

2018 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: