Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Майра Мелдебекова: «Оқулық шығаруда баспаларға ортақ талап күшейді»

08.09.2020, 12:20 588

HALYQLINE.KZ

– Соңғы кездері оқулық мәселесіне қатысты әртүрлі пікірлер болуда. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігі оқулық даярлау ісінде зиялы қауым өкілдері мен білім саласының білікті мамандары, ата-аналардың талап-ұсыныстарын ескере келе, оқулықтардың сапасы мен мазмұнын артырудың жаңа жүйесін енгізілуде. Яғни, оқулық шығаруда баспаларға ортақ талап күшейді. Біз қазір қарқынды жұмыс жүргізуді бастадық. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен сараптама жүргізу ережелеріне бірқатар өзгерістер енді. Бұдан былай оқулық жазатын авторлар міндетті түрде оқулықтарды дайындау бойынша курстан өткен сертификаты болуы тиіс.

Биылғы жылдан бастап, баспалар оқулықтарды әзірлеуде оқулықтарды ауыстыру, кеткен қателер мен полиграфиялық кемшілікке жол берген жағдайда өз қаражаты есебінен кемшілікті реттейді. Мұнан бөлек, сараптаманың құпиялық режимі де сақталады. Оқулық жазу ісінде сарапшылар базасына іріктеу арнайы критерийлерге сай қатаң конкурстық негізде жүзеге асады. Сонымен бірге, қоғамдық-сараптамалық платформалар арқылы ғалымдар мен педагогтар оқулықтардың сапасын талқылай алады.

Әрбір ата-ана, әрбір оқушының оқулықтарға деген қолжетімділігі арта түседі. Себебі оқулықтардың электрондық нұсқалары Министрліктің интернет-ресурсына орналастырылып, кез келген уақытта ашық алуға жағдай жасадық. Бұл өзгерістердің барлығы оқулық шығарумен айналысатын баспалардың жұмысын күшейте отырып, жауапкершілігін арттыруға негіз болмақ. Оқулықтың мазмұны, форматы, шрифті сынды негізгі мәселелер жаңа өзгерістерге сай шығарылатын болады.

Майра МЕЛДЕБЕКОВА,

Білім және ғылым министрлігінің

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: