Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

М.Шермағанбет: Тәртіп тазалықтан басталады

14.10.2022, 9:30 318

Білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет облыс орталығындағы білім беру ұйымдарын аралады. Бірнеше мектеп, балабақшалардың жәй-күйімен танысып, ондағы кемшіліктер бойынша тапсырмалар берді. Қаладағы №101, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп, №278, №23, «Білім-инновация лицейі» және балабақшалардың ауласынан бастап тазалығын көрді. Басқарма басшысы №101 мектептің ішкі тазалығына, кітапхана жұмысына ескерту жасады. Білім ордаларының басшыларына сыртқы және ішкі әрлеу, көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты түрде назарда ұстау керектігін жеткізді.

Мейрамбек Зинабдинұлы білім ордаларының материалдық-техникалық базасымен де танысты. Соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған пән кабинеттерді аралады. Оқушылармен кездесіп, пікір алысты.

Білім беру мекемелерін аралауда балалардың тамақтану мәселесі де назардан тыс қалмады. Басқарма басшысы әрбір мектептің асханасына кіріп, күнделікті дайындалатын ас мәзірімен танысты. Тағамның сапасы мен бағасына ескерту жасады.

Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар өз деңгейінде ұйымдастырылуы керек екенін қатаң ескертті.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: