Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көшбасшы елдер балаларын қалай тәрбиелейді?

21.12.2023, 9:40 141

Көпшілігіміз  өз  еліміздегі  білім беру жүйесін  сынға  алып,  басқа дамыған елдердегі балалар анағұрлым жақсы ортада оқып, жақсы білім алады деп ойлаймыз. Бұл шындық болуы да мүмкін. 2019 жылы біздің солтүстік көршіміз Ресей бүкіләлемдік когнитивті дағдылар мен білімге қолжетімділік индексі (Global Index of Cognitive Skills and Educational Attainment) бойынша 34-орынға ие болды. Бірақ  қорытынды  жасауға асықпай тұра тұрайық. Әлем елдері өздерінің оқу  орындары мен мектептерін қалай ұйымдастыратынын қарап көрейік.

ҚЫТАЙ (30-ОРЫН)

Қытайлық оқушылар әлем­дегі ең көп жүктемесі бар оқушылар деп есептеледі. Елестетіп көріңізші, балалар өте қатал жағдайда оқиды және университеттің тек бір ғана орны үшін ең кемі 200 бала бақ сынайды. Қытайда оқу жылы 11 айға созылады және тек тамызда жабы­лады, бірақ бұл ай да – тәуелді маусым. Басқаша айтқанда, осы демалыс кезінде ең көп тапсырма беріледі. Бастауыш сынып оқушылары күндіз сабақта ұйықтайды. Егер мектепте демалыс бөлмесі болмаса, оқушылар парта­ларында отырып ұйықтай бере­ді. Толық оқу жылының соңында «Гаокао» немесе жалпы қабылдау емтиханы болады. Орта мектепті бітіріп жатқан қытайлық бозбала үшін Гаокаодан құлап қалу апат қана емес, сонымен бірге отбасына деген сатқындық  болып  есептеледі.

ЖАПОНИЯ (20-ОРЫН)

Жапон балалары әлемдегі ең ең­бек­қор және тәртіпті оқушылар болып  саналады. Бес-алты жасқа дейін балалар патшалық деңгейде қамқорлықта болады. Сосын 12 жылдық оқыту басталады, оқу жылы үш семестр­ге созылады, ал демалыс­та емтиханға дайындалады. Олардың мұндай емтихандарды жылына 2-3 рет  тапсыруы – білімнің  нағыз  қатал   сынағы.

ФРАНЦИЯ (17-ОРЫН)

Францияда 20 балдық бағалау жүйесі бар. Басқаша айтқанда, 17 балл дегеніміз өте жоғары балл немесе өте жақсы нәтиже дегенді білдіреді. Егер 15 балл болса, әй­теуір тапсырманы орындаған екен деп түсінесіз. Француз бастауыш мектептерінде аптасына төрт күн ғана сабақ жүреді. Дүйсенбі – демалыс күні.

ФИНЛЯНДИЯ (6-ОРЫН)

«Финдік ғажайып» деген оқыту жүйесі мәжбүрлеу емес, оқушылардың өз еріктеріне сүйенеді. Егер баланың белгілі бір ғылымдармен, мысалы, математикамен айналысуға мүмкіндігі болмаса, оны ұлы математик болуға мәжбүрлеудің қаже­ті жоқ деп есептейді. Есесіне өзін қызық­тыратын басқа саланы немесе жасай алатын басқа нәрсені үйренуге  болатындығын  білдіреді.

Оқытудың ең негізгі принципі – теңдік. Мектепте бәрі бірдей. Бала­лардың көңіл күйін түсірмейтін, тыныш, бейбіт ортада орта мектепті бітіргеннен кейін тұрақты стандартталған тест тапсырып, өмір жолына түседі.

ҰЛЫБРИТАНИЯ (4-ОРЫН)

Ұлыбританияда балаларды мектепке оқыту бұл елдің ғасырлар бойғы балаларды тәрбиелеу дәстүрімен тығыз байланысты. Балалар мектепке ерте қабылданады және 15-16 жасында  жалпы  білім  алып  бітіреді.

Бұл елде жекеменшік мектептер көп пайызды құрайды. Интернетпен балаларды оқыту Ұлыбританияда қалыпты көрініс әрі кең таралған.

Дәстүр бойынша мектепте ұлдар мен қыздарды бөлек оқытады. Мемлекеттік мектеп бітірушілердің ЖОО-­на  түсуі  сирек  болады.

АҚШ (1-ОРЫН)

Американдық мектептер нағыз демократиялық стильге ие деп айтуға  болады. Оқушылар өз пәндерін өздері таңдайды. Бұл қағида оларды басқалардан ерекшелендіреді. Жоғары сынып оқушылары гуманитарлық және ана тілі сияқты негізгі пәндерден белгілі бір ұпай жинауы керек. Ол үшін өзінің жеке пәнін таңдап ала алады.

Бірақ демократия дегеніміз тәр­тіпті ұмыт қалдыру дегенді білдірмейді. Оқыту барысында американдық мектептер келесі ережелерді қолданады:

Сабақ өткізіліп жатқан кезде дәлізде  жүруге  тыйым  салынады.

Сабақ кезінде жуынатын бөлмеге бару қажет болса, мұғалім оқушыға куәлік-карта береді, ал кезекші мұғалім ондайды белгілеп отырады.

Дәлізбен жүргенде едендегі арнайы белгі талаптарын орындап жүреді.

Сыныпта және мектеп дәлізінде тамақтануға тыйым салынады.

Сабақ бітпей тұрғанда, тек арнайы себептермен ғана шығып кете алады.

Мектепке есірткі, алкоголь немесе қару-жарақ әкелуге қатаң ты­йым  салынады.

Сабақ барысында карта ойнауға тыйым  салынады.

Кез келген жолмен жыныстық қысым жасауға тыйым салынады.

Мектепте қарулы күзетшілер тәртіпті қадағалайды. Оқушылар тек сабақ үстінде ғана өте еркін болады. Себебі Америка – еркін ел.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: