Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кафедра профессор-оқытушылары біліктілік арттырды

01.03.2021, 10:20 600

HALYQLINE.KZ Біліктілікті арттыру – бұл теориялық білім деңгейін арттыру, тәжірибелік дағдылар мен икемдерді жетілдіру мақсатында жүзеге асырылатын кәсіби оқытудың бір түрі екендігі белгілі. Біліктілікті арттырудың негізгі міндетіне кез келген қызмет саласындағы алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық тәжірибе, жаңа ғылыми жетістіктерді тәжірибе саласында мамандардың қажеттіліктерін толық көлемде игеру қажеттіліктерін қанағаттандыру жатады.

Қызылорда «Болашақ» университетінің «Жалпы білім беру және құқық» кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының бір бөлігі ақпан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған 72 сағат көлеміндегі толық курсын тыңдап, арнайы куәлік иеленді.

Мәселен, кафедра профессоры М.Ө.Насимов «Саясаттану» мамандығы, кафедра аға оқытушысы Б.Ж.Паридинова «Философия» мамандығы бойынша біліктілік арттырды. Кафедраның «Құқықтану» мамандығы бойынша дәріс оқушылар жүргізетін пәндері негізінде білімін жетілдірді. Атап айтар болсақ, кафедра меңгерушісі Г.И.Арғынбекова «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы», аға оқытушы Д.Ж.Серкебаев «Еңбек құқығы», аға оқытушы А.С.Пиржанова «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы», аға оқытушы Р.Р.Қындыбаева «Табиғи ресурстар мен экологиялық құқық» курстарының жоспарларына сәйкес жұмыстар жүргізді.

Біліктілік арттыру барысында тыңдаушылар көптеген жаңа және пайдалы ақпарат алды. Екі апта ішінде жаңа практикалық дағдылар иеленді. Кафедра ұжымы алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар арқылы ынтымақтастық жалғаса беретіндігіне сенеді.

Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: