Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

IT және ЖИ мамандықтарында оқу мерзімі қысқаруы мүмкін

19.08.2026, 9:00 23

Қазақстанда кейбір мамандықтар бойынша жоғары білім алу мерзімін қысқарту ұсынылды. Ғылым және жоғары білім министрлігі қолданбалы бакалавриаттың жаңа форматын енгізу жөніндегі бастаманы Үкімет қарауына жолдаған.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, төрт жылдық оқу мерзімі барлық мамандыққа бірдей қажет болмауы мүмкін. Әсіресе IT мен жасанды интеллект саласындағы білім мазмұны технологияның дамуына байланысты жылдам өзгеріп отырады.

— Төрт жыл ұзақ саналатын белгілі бір мамандықтар бар. IT, жасанды интеллект секілді бағыттардың оқу мазмұны тым тез өзгереді, — деді Саясат Нұрбек.

Ұсынылып отырған қолданбалы бакалавриат бағдарламасында студент қысқа мерзім ішінде нақты бір кәсіпті меңгеріп шығады. Бағдарлама бакалавриат деңгейіне теңестірілгенімен, оқу мазмұны мен білім алу уақыты ықшамдалады.

Жаңа формат алдымен колледждерде пилоттық тәртіппен іске қосылмақ. Министрліктің мәліметінше, жобаға қажетті нормативтік база дайындалып, алғашқы сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілген.

Әзірге оқу мерзімі нақты қанша уақытқа қысқаратыны және жаңа форматтың қай мамандықтарды қамтитыны жарияланған жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: