Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді

06.06.2023, 9:55 332

HALYQLINE.KZ

2023-2024 оқу жылына магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант бөлінді. Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсетін талапкерлерге кешенді тестілеудің форматын түсіндірді. Кешенді тестке қатысу құны 14 693 теңге.

1 маусымда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталады. Оған тіркелу ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2023 жылғы 15 шілдеге дейін өтеді.

Тест тапсырушылар өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 15 шілдеге дейін білім бағдарламасы тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізе алады.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің жеке кабинетінде жарияланады.

Кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

Магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның оқу мерзімі – 2 жыл.

Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағат 55 минут).

Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:

– Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25;

– Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;

– Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 75.

Бейінді магистратураның оқу мерзімі – 1,-1,5 жыл.

Тест тапсырмаларының саны – 80, жалпы балл – 100.

Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағат 40 минут).

Кешенді тестілеу 2 бөлімнен тұрады:

– Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;

– Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 50.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: