Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім беру мекемелерінің жылу беру маусымына дайындығы басталды

21.09.2022, 17:40 232

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында жылу маусымы және білім беру нысандардың қысқа дайындығы бойынша брифинг өтті. Баспасөз алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет облыс бойынша 1090 білім беру нысанының бар екенін және олардың жылу беру мауысымына дайын екенін жеткізді.

– Жылу маусымын толық қамтуға білім саласына 2022 жылға қажетті қаржы бөлінді. Сондай-ақ, шілде айындағы мәслихат сессиясында жылу маусымына қажетті құрал жабдықтар сатып алуға қосымша қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қатты және сұйық отынды алу бойынша барлық білім беру мекемелері тиісті келісім-шартқа отырды, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Айта кетейік, биыл 14 білім беру нысанның қазандығын сұйық отыннан газға ауыстырылып, жылу маусымына дайындық паспорттары 1 қазанға дейін толық аяқталатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: