Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белгілі ғалымның еңбегі университет кітапханасынан орын алды

04.03.2021, 14:45 683

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінің кітапхана қоры филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей және Қазақстан Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академияларының академигі Ә.Қ.Ахметовтың «Ғасыр ғибраты» және «Уроки столетия» атты танымдық әрі ғылыми-публицистикалық монографиясының екінші басылымымен толықты. Жаңа басылымға саясаткер-қаламгер, танымал түрколог ғалымның 2018 жылдан бері қарай «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған бүгінгі әлемнің геосаяси келбетіне, еліміздің әлемдік геосаясаттағы орны мен беделіне, жаһандық антропогенез ақтаңдақтарына және Мұсылман әлеміне қатысты ғылыми-сараптамалық мақалалары мен очерктері енгізілген.

Монография үш бөлімнен тұрады:

Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті;

Ұлы дала елінің жаһандық геосаясаттағы дара жолы және Мұсылман әлемі.

Ғылыми еңбектің алғы сөзін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Омарұлы жазған.

Айта кетуіміз қажет, бүгінгі таңда ғылыми еңбек авторы 2020-21 оқу жылынан бастап университетіміздің «Жалпы білім беру және құқық» кафедрасының профессоры болып табылады. Бұл еңбек білім беру процесінде оқытушылар, студенттер, магистранттар мен оқырмандарға өз көмегін береді.

«Болашақ» университетінің

«Жалпы білім беру және құқық» кафедрасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: