Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқарма басшысы «Сыр Дарыны» оқу-жаттығу жиынындағы оқушылармен кездесті

10.10.2022, 16:05 338

Ағымдағы жылдың 9 қазаны күні облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет Жаңақорған ауданында орналасқан облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында «Сыр дарыны» оқу-жаттығу жиынына қатысушы оқушылармен кездесті. Оқу – жаттығу жиыны 1 қазан айынан бастау алды. Оқу – жаттығу жиынына облыс бойынша 7-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысатын болады.

Басқарма басшысы аралау барысында Мейрамбек Зинабдинұлы сабақ барысымен, оқушылардың үзіліс кезіндегі сергіту сәттерін, балалардың жатын орындары мен асхана жұмыстарымен танысты.

Іс-шара аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, дарынды да белсенді оқушылар басқарма басшысына сұрақтар қойып, «Сыр дарыны» оқу-жаттығу жиынының берері мол екендігін айта келе, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Жиын соңында оқу жаттығу жиынында дарынды оқушыларымызға білім беріп, олимпиадаға дайындық жүргізіп жатқан ұстаздар марапатталды.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: