Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Баланы 1-сыныпқа беру үшін қандай құжаттар дайындаймын?

15.07.2020, 20:10 1846

HALYQLINE.KZ Балаңызды 1-сыныпқа қабылдау үшін нені ескеруіңіз қажет? Қажетті құжаттарды қағаз және онлайн түрде іске асыра аласыз. Қағаз түріндегі құжаттар мектепте қабылданады. Ал, онлайн құжат «egov» порталы арқылы іске асады. Баса айту қажет, балаңыздың денсаулығы туралы медициналық анықтама уақытша талап етілмейді.

Құжат қабылдау барысында:

✅ ата-ананың немесе заңды өкілдерінен өтініші;

✅ баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

✅«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны;

✅ 3х4 көлеміндегі фото сұралады.

Құрметті ата-ана!

Балаңызды мектепте орналастыруға қажетті құжатты тек 1-тамызға дейін өткізе аласыз.

Онлайн құжаттарды қалай тапсыруға болатыны туралы комментарий бөліміндегі сілтемеге өтіп біле аласыз.

Қызылорда облыстық білім

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: