Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқаудың қалалық кезеңі өтті

24.11.2021, 17:15 317

HALYQLINE.KZ Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Үздік алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі – 2021» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.

Әділ қазылардың шешімімен ІІІ орынды К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің АӘД пәнінің мұғалімі Әлібеков Рахымбек және Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейінің АӘД пәнінің мұғалімі Миняжов Ерлібек иеленді. Ал, ІІ орынды №215 орта мектептің АӘД Аймухамедов Әлібек алды. Жүлделі І орын және облысқа жолдамаға Абай атындағы мектептің АӘД пәнінің мұғалімі Ерназаров Айболат лайық деп танылды.

Айта кетейік, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Жасағанберген Мамай «Үздік әскери патриоттық іс-шара», №235 мектептің мұғалімі Әлібеков Рахымбек «Үздік авторлық бағдарлама», Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейінің мұғалімі Миняжов Ерлібек «Шебер педагог», Абылайхан атындағы №140 орта мектептің мұғалімі Жусупов Нұрым «Үздік заманауи сабақ» номинацияларымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: