Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асхат Аймағамбетов: «Білім беру жүйесі өзгереді»

19.04.2020, 17:57 617

HALYQLINE.KZ –| Отандық білім беру жүйесі үлкен өзгеріс алдында тұр. Қазақстанға, әлемнің 167 елі сияқты, COVID-19-дың таратылуына байланысты қысқа мерзім ішінде қашықтан оқыту форматына көшуге тура келді. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл процесті тек ғана сынақ емес, үлкен мүмкіндік деп атады.

«Білім беру жүйесі өзгереді, басқа жол жоқ. Мазмұнына да өзгерістер енгізу қажет. Нақты регламенттер мен стандарттардан гөрі неғұрлым икемді әрі жекеленген стандарттарға көшу керек. Қандай да бір тапсырманы орындағанда, біріншіден, халықаралық тәжірибеге сүйену қажет. Өзге елдердің қандай проблемаларға тап болғанын және оларды қалай жеңіп шыққанын зерттеу керек. Қашықтан оқыту аясында геймификация элементтері, квиздер, цифрлық білім беру ресурстары болуы тиіс. Барынша жекеленген болуы керек. Шын мәнінде, біздің ұмтылысымыз – осы,» – деді Асхат Аймағамбетов ведомствоның Facebook парақшасында жүргізілген онлайн-конференцияда.

Baq.Kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: