Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақта салтанатты «Соңғы қоңырау» кезінде қоғамдық қауіпсіздік күшейтіледі

22.05.2026, 14:55 68

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Әлдешов Рауан Қырымұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

 Брифинг барысында кезекті оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданатын шаралар туралы айтылды.

25 мамыр күні мектеп бітірушілерге арналған «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасы кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс көлемінде күшейтілген режимде қызмет ұйымдастырылады.

Жалпы облыс бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 500-ге жуық полиция қызметкері мен 111 қызметтік автокөлік жұмылдырылмақ. Оның ішінде Қызылорда қаласында 216 қызметкер және 45 қызметтік автокөлік қызмет атқарады.

Сонымен қатар мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда және қала көшелерінде қосымша полиция жасақтары тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады.

Ата-аналар мен түлектерге қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде маңызды ескертулер берілді. Атап айтқанда, автокөлікпен кортеж ұйымдастыруға, жол қозғалысы ережелерін бұзуға, қоғамдық тыныштықты бұзуға, алкогольдік ішімдік пайдалануға және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол берілмейтіні ескертілді.

Сондай-ақ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, бақылауды күшейту қажеттігі айтылып, құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданатыны жеткізілді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: