Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аграрлық колледж – білікті мамандар мекені

11.07.2022, 17:40 148

HALYQLINE.KZ Бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаты бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы тұрғыда, Шиелі индустриалды-аграрлық колледждің тынысы жаңа бағытқа өзгеріп, еңбек нарығы мен заман талабына сай дамып келе жатырған білімнің қара шаңырағы. Бүгінде колледж аграрлық бағытта ауыл шаруашылығының кең профильді білім ордасы ретінде 64 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Аталмыш колледж болашақ мамандарды жоғарғы деңгейдегі білім сапасымен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының бәсекеге қабілеттілігін көтеруді мақсат тұтқан білім беру ұйымы жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатуда. Сондықтан болар, бұл оқу орны қоғам сұранысын өтеп, өндіріс орындарына 20 түрлі мамандық пен 33 біліктілік бойынша мамандар дайындауда.

Колледждің тарихына жүгінсек, аты аңызға айналған 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жахаев, Социалистік Еңбек Ерлері З.Ержанова, Ұ.Алтайбаева, Ш.Қазанбаева, Ж.Таспамбетова және орденді механизаторлер Р.Мауленов, С.Айтасов, облыстық маслихат депутаты Ж.Ахметов т.б. көптеген азаматтарымыз түлеп ұшып, ел мақтанышына айнала білді.Соңғы жылдары Шиелі индустриалды-аграрлық колледждің материалдық-техникалық базасы жаңарып, аграрлық сала мамандарын даярлауда көшілгерілеп тұр.

Сонымен қатар, колледж өз түлектерінің толық жұмыспен қамтылуына үлкен мән беріп, басты назарда ұстауда. Келешекте оқу ордасы биік белестерден көріне беруді мақсат тұтады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: