Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2 ардагер ұстаз облыстың құрметті азаматы атанды

26.08.2022, 15:30 666

HALYQLINE.KZ Білім беру саласына елеулі үлес қосқан, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз Төлепберген Қасымов пен Марк Подольский Тамыз кеңесінде марапат биігінен көрінді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қос ұстазға Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Төлепберген Смағанбетұлы – «КСРО – халық мұғалімі», «Кәсіптік білім саласының еңбегі сіңген қызметкері» атағымен марапатталған. Бірнеше мәрте КСРО – Жоғарғы Кеңесінің, КСРО-ның ғылым академиясының құрметтеріне ие болған.

Төлепберген Қасымовтың есімі КСРО-ның үлкен энциклопедиялық сөздігіне, мемлекеттік Құрмет кітабына енген.

Марк Захарович – білікті маман, сауатты басшы және шебер ұйымдастырушы ретінде аймақтың дамуына үлес қосқан қайраткер.

Білім саласына сіңірген ерлеулі еңбегі үшін «Парасат» ордені мен «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: