Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада мобилография фестивалі өтті

10.09.2022, 12:30 347

HALYQLINE.KZ Қала күні қарсаңында «Сүйікті қалам – Қызылорда!» тақырыбында мобилография фестивалі өтті. Іс-шараға елімізге танымал мобилограф, режиссер Қыран Талапбек және «Kyran Films» ұжымы келіп, «Достық үйі» ғимаратында мобилографияға қызығушылығы бар жастарға арналған семинар-сабағы өткізілді. Кездесу жастардың пікір алмасуымен жалғасты.

Өздеріңізге белгілі, фестиваль аясында мобилографтардың байқауыда өткізілген болатын. Аталмыш байқауға қала жастары мен Арал, Жалағаш, Қармақшы, Жаңақорған аудандары мен Алматы қаласынан да жастар қатысып, арнайы шешіммен үздіктері анықталды. Үздіктер орталық алаңда өткізілген мерекелік концертте қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтар болсақ, жүлделі 1 орын – Төреахмет Нұртай Болатбекұлы, 2 орын – Әбілқасым Дархан және 3 орын – Ерсұлтан Темір.

Айта кету керек, Фестиваль аясында өткен байқауға қатысуға 70-тен аса қатысушыдан 100-ден аса өтінім түсті.

Қатысушылар қала күніне орай «Менің сүйікті қалам» тақырыбында қала туралы креативті бейнероликтер түсірді.

Байқау жеңімпаздары «Қала күні» мерекесінің салтанатты ашылуына арналған гала-концертте қаржылай сыйақылармен марапатталды. Шаһар басшысы Асылбек Шаменов ұйымдастырылған республикалық мобилографтар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, қызылордалықтар мен қала қонақтарын «Қала күнімен» құттықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: