Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Еңбек жасақтары» құрылады

18.11.2022, 14:55 206

 HALYQLINE.KZ Облыс әкімі аймақ жастарын жұмыспен қамту бағытындағы тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і аймақтағы жұмыссыз, NEET санатындағы жастарға және еңбекке құлшынысы жоғары жастарға арналған «Еңбек жасақтары» жобасын жүзеге асырмақ. Бұл туралы Жастар ресурстық орталығының баспасөз алаңында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Оспанұлы БАҚ өкілдеріне берген брифингте тоқталды.

Аймақта 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 176 985 (21,4 %) құрайды. NEET санатындағы жастар – 7,9%, Жұмыссыз жастар – 4,0%.

«Еңбек жасақтарын» құрудың мақсаты:

1. 100 мың жасты жұмысқа орналастыру;

2. Жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың санын төмендету;

3. Жас кәсіпкерлердің пайда болуына жан-жақты көмек көрсету;

4. Жастардың әлеуметтік жағдайына қолдау көрсету;

5. Ақпараттық сүйемелтеу және әлеуметтендіру, жан-жақты қолдау көрсету.

Іске асыру механизмі:

– NEET санатындағы және жұмыссыз жастардың базасын жасақтау,

– Еңбек жасақтарының ресми жұмыс бастағандығын БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялау;

– Еңбек етуге ынталы жастарды тіркеу арқылы тізімін әзірлеу;

– Еңбек жасақтарының жұмысын жоспарлап, жергілікті әкімдіктермен нақты жоспар бекіту;

– Еңбек жасақтарына қатысушы жастарды ынтасы мен сұранысына сәйкес түрлі еңбек жасақтарына бөлу;

– Еңбек жасақтарындағы жастарға арналған арнайы оқытулармен және еңбек адамдарымен кездесулер ұйымдастыру;

– Еңбек жасақтарының жылдық қорытынды слеттерін ұйымдастыру, белсенді жастарды марапаттау.

Құрылатын еңбек жасақтарының тізімі.

1. Арал ауданы – Жас балықшылар, фермерлер, дәнекерлеушілер, құрылысшылар, тігіншілер, аспаздар.

2. Қазалы ауданы – Жас теміржолшылар, аспазшылар, балықшылар, құрылысшылар, дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары, фермерлер.

3. Қармақшы ауданы – Жас егіншілер, қолөнершілер, өндірісшілер, аспазшылар, дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары, фермерлер.

4. Жалағаш ауданы – Жас кұрішшілер, тігіншілер, фермрлер, дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары.

5. Сырдария ауданы – Жас күрішшілер, құрылысшылар, тігілншілер, аспазшылар, шаштараздар, фермерлер, ағаш ұсталары.

6. Қызылорда қаласы – Жас құрылысшылар, көркейту жасақтары, аспазшылар, шаштараздар, сәндік бағыттағы жасақ, егіншілер, тігіншілер, қолөнершілер.

7. Жаңақорған ауданы – Жас егіншілер, құрылысшылар, көркейту жасақтары, аспазшылар, шаштараздар, сәндік бағыттағы жасақ, тігіншілер, фермерлер.

Күтілетін нәтиже:

1. Қызылорда облысындағы NEET санатындағы жастар санын 5 %-ға төмендету;

2. Қызылорда облысы жастарының «Еңбек жасақтарына» 2022 жылы 1500-ге жуық жасты, ал 2023 жылы 5000-ға жуық жасты тарту;

3. Қызылорда облысындағы жұмыссыз жастар санын 3 %-ға дейін төмендету;

4. Қызылорда облысының жас кәсіпкерлердің санын 2 есеге арттыру;

5. Қызылорда облысындағы жастардың еңбекке тарту арқылы 3000-ға жуық жұмыс орындарын құру.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: