Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы «Жасыл ел» еңбек жасақтары сарбаздарымен кездесті

01.06.2026, 17:35 53

HALYQLINE.KZ

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Мемлекет басшысының қолдауымен бой көтерген «Ботаникалық бақтың» салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Өңір тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылуынан кейін аймақ басшысы «Жасыл ел» еңбек жасақтары сарбаздарымен кездесіп, жастарға сәттілік тіледі. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында ақпарат жариялады.

Кездесу барысында облыс әкімі жастардың елдің дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтіп, «Жасыл ел» жобасының маңыздылығына тоқталды.

– «Жасыл ел» жобасы мыңдаған жастың еңбек тәжірибесін жинақтап, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосуына зор мүмкіндік беріп келеді. Бұл бастама жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың бойында жауапкершілік, патриотизм және қоршаған ортаға деген жанашырлық қасиеттерді қалыптастырады. Мемлекет басшысы жастарды қолдау мәселесіне әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде жастардың сапалы білім алып, еңбек етуіне, өз қабілеттерін шыңдауына барлық жағдай жасалуда. Сіздер де өңірдің дамуына үлес қосып, туған жердің гүлденуі жолында аянбай еңбек етеді деп сенемін. Баршаңызға сәттілік пен толағай табыс тілеймін, — деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Айта кетейік, бүгіннен бастап «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жаңа маусымы басталды. Биыл өңірде жастарды жұмыспен қамтуға, елді мекендерді абаттандыруға және жастардың патриоттық рухын нығайтуға бағытталған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысына 1200 жас тартылмақ. Олардың қатарында Қызылорда қаласының, барлық ауданның және Байқоңыр қаласының жастары бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: