Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада Ресейден келген студенттен «Covid-19» инфекциясы анықталды

25.04.2020, 14:58 461

HALYQLINE.KZ –|  Қызылорда облысында Ресейден келген студенттен коронавирус инфекциясы анықталды.

Жақында Ресейден 42 студент келді. Олар арнайы автобуспен елге жеткізіліп, тест сынамаларын тапсырды. Студенттер 14 күн карантинге қатаң бақылауға алынған болатын.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус диагнозы бойынша 170 науқас тіркелді. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 39, Аралда – 4, Қазалыда – 2, Қармақшыда – 4, Сырдарияда – 26, Шиеліде – 66, Жаңақорғанда – 30 жағдай тіркеліп отыр. Оның 65-і сырқатынан айығып, үйлеріне оралды.

– Қызылорда қаласынан анықталған 5 азамат індет жұқтырған науқаспен байланыста болып, бақылауға алынғандар. Ал, Шиеліден анықталған 4 науқастың 3-еуі — коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болса, 1-еуі — Ресей елінен келген студенттен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін хаттамаға сәйкес алуда,-деді Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Ж.Абдусаметов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: