Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

COVID-19 жұқтыру жағдайы өсті

02.06.2025, 10:55 68

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Үндістанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының артуы тіркелді, оның жалпы саны 3395-ке жетті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі ТАСС сайтына сілтеме жасап.

Business Standard газетінің мәліметінше, аурудың ең көп саны Керала (1,336) және Махараштра (467) штаттарында, сондай-ақ Делидің ұлттық аймағында (375) тіркелген. Соңғы 24 тәулік ішінде Керала, Карнатака, Уттар-Прадеш және Делиде COVID-19 вирусына байланысты төрт өлім тіркелді.

Сондай-ақ елдің Гуджарат, Батыс Бенгалия және Тамилнад штаттарында ауру жұқтыру санының артқаны туралы хабарланды.

Басылым атап өткеніндей, өткен аптада елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 257 адам болған. Осылайша, 10 күнде бұл көрсеткіш 10 еседен астамға өскен.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, инфекцияның жаңа жағдайларының көпшілігі жеңіл түрде өтіп жатыр. Олай болғанымен билік азаматтарды қырағы болуға және сақтық шараларын қабылдауға — адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және гигиенасын сақтауға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: