Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасөспірімдерде кездесетін мәселелер

25.05.2021, 15:45 883

HALYQLINE.KZ  Адам өміріндегі ең маңызды, есте қалатын кезеңнің бірі – жасөспірімдік шақ. Яғни, 11-20 жас аралығы. Мінезі де, сабағы да қиындап, сіркесі су көтермейтін уақыт. Әсіресе 7, 8, 9-сыныптарда оқитын оқушыларға тән көрініс, деп хабарлайды «Massaget.kz» жастар порталы.

Жасөспірімдік жылдар – бала үшін де, ата-ана үшін де ең қиын және проблемалы уақыт. Өйткені, дәл осы кезде жасөспірім ата-анасымен жиі кейкілжіңге келеді, өздерін тәуелсіз әрі еркін сезінулерін қалайды және ересектерден қатаңдықты азайтуды талап етеді.

Республикада 5 784 583 бала тұрады, яғни еліміздегі халықтың үштен бір бөлігі. 2 млн астамы мектепке дейінгі жастағы балалар, 3 млн астамы мектеп жасындағы балалар, 421 690 (18 жасқа дейінгі) білім алушы жастар бар. Аталған жастардың бәрі жасөспірім кезден өтеді және оны сезінеді.

Жасөспірімнің мінез-құлқы күрделене түскен жағдайларда оның шешу жолдарын іздестіретіні сөзсіз. Сол үшін ересектер үнемі жастармен бір лекте жүруге тырысу керек.

Қазіргі жасөспірімдердің негізгі мәселелері:

Жасөспірім электронды құрылғыларға құмар

Отбасылық психологтардың айтуы бойынша, жасөспірімдердің көпшілігі үнемі ұялы телефондар мен мәтіндік хабарламаларға назар аударады, олар үшін бұл – әрқашан достарымен байланыста болу тәсілі. Алайда бұл олардың өмірінің басқа аспектілеріне, мысалы, оқу, үй көмегі және өзін-өзі дамытуға кедергі келтірмеуі керек.
Кейбір ата-аналар балаларын бақылау үшін үйдің ортақ бөлмелеріне компьютерлер орнатады; тағы бір жиі қолданыстағы тәсіл құрылғыларды пайдалануға уақытша шектеулер қояды. Бұдан бөлек әртүрлі сайттар мен жағымсыз бағдармаларды көруге тыйым салады.

Жасөспірім ата-анасына қарсы

Ата-аналар байқамауы мүмкін, бірақ олардың мамықтай жұмсақ, мейрімді баласы ашуланшақ жасөспірімге айналады. Олардың көп бөлігі өз=өзін құрметтемейді, қарапайым өмірде дөрекі сөйлеседі және ережелерге пысқырып қарайды. Бұл әрине, уайымдататын жайт. Сол себепті, жастардың біраз бөлігі ата-аналардың мінез-құлқынан өзгеше болатын өзіндік мінез-құлық үлгілерін қалыптастырады.

Достарының ойы отбасының пікірінен гөрі көп бағаланады және бұл қауіпті болуы мүмкін. Қалай болғанда да, мінез – құлықтың негізгі ережелерін белгілеу маңызды, ал маңызды ереже – ата-аналармен дөрекі сөйлеуге тыйым салу. Жасөспірім сізге қатысты кешірілмейтін мінез-құлыққа жол бермеу керектігін санасына құйып алуы тиіс.

Жасөспірім тез ашуланады

Кез келген сөздер жасөспірімді ашуландырады және өз өздерін ұстай алмай қалады, айқайлайды, жылайды, өзіне айтылған сынды толық қабылдай алмауы мүмкін, ашу үстінде басқа бөлмеге кетіп қалады. Көбінесе бұл- баланың физикалық және эмоционалды өзгерістерінің нәтижесі. Осы әрекеттер кесірінен, онымен қарым-қатынасты қиындатады.

Тактикаңызды өзгертуге тырысыңыз – моральдар мен кеңестердің орнына оған жанашырлық білдіруге тырысыңыз. Бұл жасөспіріммен байланыс орнатуға және адал қарым-қатынасқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жасөспірім өтірік айтады

Жасөспірімнің сізге шындықты айтпауының көптеген себептері бар. Мысалы, еркіндікке қол жеткізудің тәсілі ретінде ата-аналардан кейбір фактілерді жасыруы анық нәрсе. Сіздің балаңыз өмірінің егжей-тегжейін жасырған кезде, бұл оның жаман ортаға түсіп, арамдықпен айналысатындығының белгісі болуы мүмкін.

Сондай-ақ, бұл жасөспірім сізден көмек қажет болғанда, сіздің тарапыныздан көмек сұрамайтынын білдіруі мүмкін. Жасөспірімнің қандай мәселелерді жасыратынын түсіну керек. Сәтсіз әрекеттер қорқатын болсаңыз, психологтың көмегіне жүгінген жөн.

Жасөспірім кеш келеді

Жасөспірімдер көбінесе шектеулерді сезінеді және белгіленген коменданттық сағатты әдейі бұзады. Жанжал шығармас бұрын, достарының ата-аналары белгілеген коменданттық сағат сіздікінен әлдеқайда кеш екенін білуге тырысыңыз. Көп жағдайда, балаңызға түсіністік танытуға тырысыңыз.

Жасөспірім жаман достар таңдайды

Сізге балаңыздың кейбір достары дұрыс емес киініп, оған жаман әсер ететін сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бұл – көп жағдайда жалған қорқыныш. Жасөспірім достарына өте жақын болады және оларға қатысты кез келген сын оның жеке басынадағы мін ретінде қабылданады. Сондықтан өз пікіріңізді тым күрт білдіруге асықпаңыз.
Әрине, егер сіздің балаңыз есірткі қабылдайды немесе басқа қауіпті іс-әрекеттермен айналысады деп алаңдасаңыз, уақытында араласу маңызды. Отбасылық терапия достарынан үйренген жаман қасиеттерді жоюға және шешімдерін табуға көмектеседі.

Ақжан БАХЫТБЕК,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 1-курс студенті

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: