Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық құндылықтар ұлықталған күн

25.08.2022, 16:45 190

HALYQLINE.KZ Жаңақорған ауданында кезекті Аналар форумы өтті. Ұлттық дәстүрлеріміз көрініс тапқан бұл шараға Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бектас Нұриддинов, Аналар кеңесінің мүшелері Аида Абибуллаева, Қуаныш Мырзабаевамен қатар ауданның ақ жаулықты аналары қатысты.

Ел аналары мерекелік ақ лебіздерімен, «Асыл әжелер» ансамблі әсем әнмен қонақтарды күтіп алды. Алтыбақан аясында қызықты думан жалғасын тапты. Қазан жаппай жасалып, самаурыннан шәй ішіп, жиналған қауым мерекелік шараның берекелі дәмінен ауыз тиді. Қараша үй қанатындағы енелер мен келіндер және бір шаңырақ астындағы ұлттар достығының көрінісі, қолөнер бұйымдарынан ерекше көрмелер форумның көркін қыздырды. Аудан аналарының өмірінен бейнеролик көрсетілді. Аналар шеруі өңір бірлігін сақтап, ұлт тәрбиесіне жанашырлық танытып жүрген көпбалалы ел аналары марапатына ұласты.

Форум спикерлері балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлі, атап айтқанда, қыздар тәрбиесінің осалдығы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала денсаулығы, нәзік жандылардың саяси белсенділігін арттыру сияқты тақырыптарды қозғады.

Қазіргі таңда отбасы беделі жоғалуда. Отбасы құндылықтарының ықпалы азая түсуде. Оған дәлел – жастардың арасында ажырасудың көбеюі, жастардың батыс тәжірибесімен тіркелмеген некеде тұруы, отбасы жасын құрудың ұлғаюы. Жалғызбасты ана мен әкенің көбеюі, осының барлығы ұлт тағдырына әсері зор деді Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова. Ұлттық құндылықтар ұлықталған Жаңақорғандағы форум соңы концертке ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: