Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Стартаперлер экологиялық таза өнім «Аctive seat» көрпешесін шығарды

03.03.2023, 17:00 591

HALYQLINE.KZ Корыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері экологиялық табиғи таза өнім әзірледі. Олар «Active seat» көрпешесін күріш қауызынан жасап шығаруда.

«Қазіргі уақытта адамдар уақытының көбін отырып жұмыс істеумен өткізеді. Бұл денсаулыққа үлкен зиян келтіріп, көптеген аурудың пайда болуына себепші болады. Осы орайда, біз ыңғайлы әрі денсаулыққа пайдалы «Active Seat» көрпешесін шығаруды қолға алдық. Өнімнің басты компоненттерінің бірі  – күріш қауызы.

 Өңірімізде жыл сайын 100 тоннадан астам күріш қалдықтары полигондарда өртеледі. Бұл процесс табиғатқа да, адам денсаулығына да айтарлықтай кері әсерін беруде. Жобамыз – аймағымыз үшін де, тұрғындар үшінде пайдалы», –  деді «Enactus Korkyt Ata university» командасының капитаны Темірлан Абжанов.

Алдағы уақытта стартаперлер экологиялық және әлеуметтік жобалар байқауларына қатыспақ. Сонымен қатар, жобаны «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO» студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен инновациялардың ұлттық кубогы байқауына ұсыну жоспарланған.

Қазіргі уақытта жастар өнімді өз қаражаттары есебінен шығаруда. 

Айта кетейік, университетте студенттер арасында кәсіпкерлікті дамыту, тың идеяларына қолдау көрсету мақсатында кәсіпкерлік орталығы жұмыс істейді.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша осы кезге дейін «Startup Bolashak. Menin armanym» жобасы, «Zhas project» бағдарламасы, «HackDay» және «Smart city Kyzylorda» хакатондары және басқа да ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Орталық бес жыл ішінде 7 мыңнан астам жасқа бағыт-бағдар берді. Қазіргі уақытқа дейін инкубатордан 89 резидент-түлек шығып, жалпы 70 миллионға жуық қаржы тартылды.


      Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: