Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Министр тек жоғарының айтқанын ғана орындап үйреніп қалған болса – нәтиже болмайды» – Сәбден

29.01.2026, 16:25 39

Белгілі экономист, саясаткер, академик Оразалы Сәбден өз сұхбатында министрлерге жүйе керек екенін жеткізді.

– Тағы бір нәрсе айтайын, бұл үлкен жүйе ғой, оған жүйелі түрде қарау керек. Министрлерге қатысты да мәселе бар. Менің ойымша, министр болсаң – жүйелі болу керек. Егер министр бұрынғыдай басын изеп жүріп, орынбасар министр болып, департамент бастығы, комитет бастығы болып, жоғарының айтқанын ғана орындап үйреніп қалған болса – ол болмайды. Министр деген – саяси тұлға. Ол идеяны алға жылжытуы керек, жаңа бастамаларды өткізе білуі керек. Ал егер ол бұрынғыша тек әкімшілікке қарап, «әкімшілік айтты – соны істеймін» деп жүре берсе, онда нәтиже болмайды. Президент министрді бекер қойып отырған жоқ, «сен осы саланы басқарасың, осыған жауап бересің» деп отыр. Сол үшін министрдің де өз ұстанымы болуы керек, қажет жерде қарсы тұра алуы керек. Қажет болса, дұрыс шешім үшін күресе білуі керек. Ал бізде, өкініштісі сол, сондай жүйелі министрлерді көп көрмей отырмын. Жүйе жоқ. Мәселе осы, — деді ол «Халық» газетіне берген сұхбатында.

Сұхбаттың толық нұсқасы мына сілтемеде.

Үзінді республикалық «Халық» газетінің

2026 жылы 29 таңтарда жарияланған №4 (1321) санынан алынды.

Коллаж: halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: