Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан мен Израиль визасыз режим туралы меморандумға қол қойды

27.01.2026, 16:10 47

Астанада өткен ресми келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Израильдің сыртқы істер министрлері Ермек Көшербаев пен Гидеон Саар бірқатар екіжақты құжатқа қол қойды. Соның ішінде визасыз режимді енгізуге бағытталған меморандум да бар.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестициялық және инновациялық жобаларды дамыту, сондай-ақ гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль сыртқы саясат ведомствосы басшысының бұл сапары екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге деген өзара мүддені көрсететінін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: