Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Балалар тағамына бақылауды күшейту керек» – Бектенов

27.01.2026, 15:15 48

Премьер-министр бүгінгі Үкімет отырысында балалар мен жасөспірімдердің тамақтану мәдениетіне қатысты алаңдатарлық мәселе көтерді. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.

Олжас Бектенов балалар арасында фастфуд пен энергетикалық сусындарға әуестік күшейіп, тіпті тәуелділік белгілері байқалып отырғанын атап өтті.

– Ақмарал Шәріпбайқызы балалардың ішіп-жейтін тамағы – маңызды мәселе. Бізде өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдердің көбісі фастфудқа, энергетикалық сусындарға құмар. Тіпті кей кезде оған тәуелді болып қалады. Осы қауіпке бәріміз бүкіл ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Бұл – өте қауіпті жағдай. Ұсыныстар енгізіңіздер, — деді О.Бектенов.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы шеңберінде балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігі және әл-ауқаты саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар кешені көзделген. Биылғы 1 ақпанынан бастап барлық білім беру ұйымдарына «тосыннан кіріп келу» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізіледі. Тексерулер балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану сапасына қатысты болады. 

Үкімет балалардың денсаулығын ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі мәселе ретінде қарастырып отыр. Ал фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелділікке қарсы күрес енді тек ата-ананың емес, мемлекеттің де тікелей бақылауындағы жұмысқа айналмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: