Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өткен жылы Жалағаш ауданына 22 млрд теңгеден астам инвестиция келді

23.01.2026, 18:00 71

Бұл туралы аудан әкімі Өңірлік комуникациялар қызметінің ақпарат алаңында журналистерге брифинг бергенде айтты, деп хабарлайды halyqline.kz.

Жалағаш ауданында өткен жылы экономикалық белсенділік бәсеңдеген жоқ. Керісінше, негізгі көрсеткіштер өсім көрсетті.

Әкімнің айтуынша, 2025 жылы аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 22,3 млрд теңгеге жеткен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 41,5 млрд теңгені құрап, өңдеу саласында да айтарлықтай серпін байқалған.

– Біз инвестицияны тек қағаз жүзіндегі есеп үшін емес, нақты жұмыс істейтін, халыққа пайда әкелетін жобаларға бағыттадық. Әр тартылған теңгенің қайда кеткенін, қандай нәтиже бергенін жіті бақылауда ұстап отырмыз. Инвестиция деген – бір күндік көрсеткіш емес, ол жаңа жұмыс орны, өндіріс, тұрақты табыс. Экономиканың тірі болуы, ең алдымен, тұрғындардың қалтасына әсер етуі керек. Сол мақсатта біз өндірісті, өңдеуді және кәсіпкерлікті қолдауға басымдық бердік, – деді аудан әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: