Қызылорда облысында қоршаған ортадағы биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жыртқыш аңдардың санын реттеу бағытында жұмыс жүргізіліп келеді. Нәтижесінде қазіргі уақытта 47 қасқыр, 6 шибөрі ауланды.
Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазды деп хабарлайды, halyqline.kz тілшісі.
Осы бағытта облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өткен жылы 167 рейдік іс-шара ұйымдастырды.
– Биыл 13-22 қаңтар аралығында Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері Жаңақорған ауданындағы Қожакент, Машбек, Қыркеңсе, Жаңаарық, Өзкент, Түгіскен ауылдық округтерінің құм жақ беткейінде жыртқыш аңдар ауланды. Рейд барысында 2 қасқыр, 90 шибөрі ұсталды, – делінген хабарламада.
Фото: canva
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!