Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда қоғамдық орындардағы тиісу деректері күрт артты

21.01.2026, 18:45 36

2025 жылы Қазақстанда қоғамдық орындарда тиісу фактілері рекордтық деңгейге жетті. Data Hub мәліметінше, бұл санаттағы құқықбұзушылықтар саны бір жылда 29 пайызға өскен.

Жыл ішінде 115,6 мың әкімшілік іс қаралған. Олардың көпшілігі ескертумен шектелсе, 3,4 мың адамға айыппұл салынған. Айыппұлдардың жалпы сомасы 56,3 миллион теңгені құрады. Сонымен қатар 146 адам әкімшілік қамауға алынып, 120 шетел азаматы елден шығарылған.

Жауапкершілікке тартылғандар арасында 1,6 мың шетелдік пен 67 кәмелетке толмаған бар. Құқықбұзушылықтар көбіне сауда орталықтарында, базарларда, вокзал маңында және ғибадат орындары төңірегінде тіркеледі. Мұндай деректерді анықтауда бейнебақылау жүйелері мен «Сергек» камералары кеңінен қолданылып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: