Жетісу облысының Жаркент қаласында 4 жасар баласын батареяға байлап, ұрып-соққан әйел ата-ана құқығынан айырылды. Бұл туралы Kursivmedia жазды.
Оқиға Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында 17 қаңтар күні тіркелген. Белгілі болғандай, баласына күш қолданған 28 жастағы Мария Белекова қазіргі уақытта қамауда отыр.
Балалардың әкесі, 30 жастағы Тайыр Құрбанжановтың айтуынша, әйел бұл әрекетті алғаш рет жасамаған. Оның сөзінше, балалардың денесінде бұрыннан көгерген іздер жиі байқалған.
– Балалардың денесі үнемі көгеріп жүретін. Анасы олар өзара төбелесіп қалады деп түсіндіретін, – дейді Тайыр Құрбанжанов.
Қазіргі таңда екі баланың әкесі балаларын өз қамқорлығына алу үшін тұрғын үй іздеп жүр. Ерлі-зайыпты 2020 жылдан бері бірге тұрған, отбасында екі бала бар.
Тайыр Құрбанжановтың мәліметінше, 19 қаңтар күні қамқоршылық органы Мария Белекованы ата-ана құқығынан айыру туралы ресми шешім қабылдаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!