Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нашақорлық – болашаққа балта шабу

20.01.2026, 18:00 148

HALYQLINE.KZ

Нашақорлық – қоғам үшін ең қауіпті әрі зиянды мәселелердің бірі. Ол адамның денсаулығын ғана емес, рухани әлемін де күйретеді. Есірткіге тәуелді болған адам өз өмірінің мәнін жоғалтып, жақындарына да қайғы әкеледі. Нашақорлық оқу мен еңбекке деген ынтаны жояды, адамның мінез-құлқын өзгертеді және қылмысқа итермелеуі мүмкін. Ең сорақысы, есірткі адам өмірін қысқартып, болашаққа деген үмітін өшіреді. Сондықтан әрбір жас нашақорлықтың зиянын ерте түсінуі керек. Саламатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, пайдалы істермен айналысу – нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы. Отбасы мен мектептің тәрбиесі де бұл мәселеде маңызды рөл атқарады. Біз өз болашағымызды ойласақ, есірткіден аулақ болып, таза әрі саналы өмірді таңдауымыз қажет. Нашақорлыққа қарсы тұру – әр азаматтың міндеті.

#есірткігеқарсы#.

@upndpkzo

Әлсия ЕРМЕК,

№35 И Тоқтыбаев атындағы мектеп лицейінің 5 б сынып оқушысы,

Қызылорда  облысы,

Тереңөзек  кенті  

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: