Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси жүйесін толықтыратын жаңа бастамасын жариялады.
— «Халық арасында “әр нәрсенің өз уақыты бар” деген сөз бар. Меніңше, дәл сондай уақыт келді. Бүгін Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысында жаңа маңызды ұсыныс айтқым келеді. Мен ұсынып отырған жаңашылдық соңғы бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қалыптастырылған бүкіл саяси конструкцияны табиғи түрде түйіндейді. Әңгіме Қазақстан Республикасында Вице-президент институтын құру және оны Конституцияда бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Президент Парламенттің қарапайым көпшілік дауысының келісімімен тағайындайды. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысы айқындайды. Вице-президент Президенттің тапсырмасымен Қазақстан Республикасының мүддесін халықаралық форумдарда және шетелдік мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде қорғайды, Президенттің Парламенттегі өкілі болады, отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ өзге де тапсырмаларды орындайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Коллаж: halyqline.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!