Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жошы хан туралы деректі фильм көктемде аяқталады – Президент

20.01.2026, 12:51 41

Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тарихи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеу және халықаралық деңгейде дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Президенттің айтуынша, осы бағыттағы ірі жобалардың бірі – Жошы хан туралы деректі фильмнің түсірілімі биыл көктемде толық аяқталады.

Мемлекет басшысы бұл жобаның ел тарихын жаңа деңгейде танытуға арналған маңызды қадам екенін атап өтті.

— Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл туынды қазақ тарихының терең тамырын әлемдік аудиторияға кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Фильм тарихи деректерге сүйене отырып, ғылыми негізде әзірленіп жатыр және халықаралық көрерменге бағытталған.

Коллаж: halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: