Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясатта шынайылық пен нақты іске басымдық беру қажеттігін атап өтті. Президенттің айтуынша, елдің дамуы халықтың жасампаздық әлеуетіне тікелей байланысты.
Мемлекет басшысы болашақты жоспарлауда артық қиял мен жалған уәделерден аулақ болу керектігін қадап айтты.
— Кез келген мемлекеттік күш – халықта. Азаматтарымыздың жасампаздық қуатының арқасында еліміз кез келген кедергі мен тосқауылға қарсы тұрып, орасан зор табысқа жететіне кәміл сенемін. Өздеріңіз білесіздер, мен түрлі жоспарлар құрып, стратегиялар жасауды құптай бермеймін. Себебі бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беруге қарсымын. Болашаққа бағдар жасап, жоспар құрғанда өмірге шынайы көзқараспен қараған жөн, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің бұл пікірі мемлекеттік басқаруда нақты нәтиже мен жауапкершілікті алдыңғы орынға қою қажеттігін айқын көрсетеді. Оның айтуынша, қоғам мен мемлекет бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана тұрақты даму мен нақты жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!