Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерлан Қарин: Құрылтай шешімдері нақты заңдарға айналып жатыр

20.01.2026, 11:40 45

Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайда өткен алдыңғы құрылтайдың нәтижелері туралы кеңінен мәлімет берді. Оның айтуынша, құрылтайда айтылған ұсыныстар декларация күйінде қалмай, нақты заңнамалық шешімдерге ұласқан.

Мемлекеттік кеңесшінің мәлімдеуінше, Бурабайдағы IV құрылтайдан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілген. Осы жоспар аясында бірқатар жүйелі жұмыс жүргізіліп, Парламент депутаттарының қолдауымен өткен жылы 6 заң қабылданған.

Қабылданған заңдар балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеуге, жекеменшік нысандарға атау беру тәртібін жүйелеуге, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салуға, сондай-ақ археология саласын реттеуге бағытталған.

Сонымен қатар, Ерлан Қариннің айтуынша, құрылтай барысында көтерілген мәселелер негізінде тағы 10 заң жобасы әзірленіп, қазір жұмысқа алынған. Бұл — Ұлттық құрылтайдың қоғамдағы өзекті мәселелерді заңнамалық деңгейде шешуге нақты ықпал етіп отырғанын көрсетеді.

Сурет: КазАқпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: