Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр

20.01.2026, 11:35 46

Бүгін Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өз жұмысын бастады.

Құрылтай отырысына мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және сараптамалық қауымдастық өкілдері, сондай-ақ өңірлердегі қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысып отыр.

Күні кеше Астанада өткен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында Мемлекет басшысы институционалдық негізді терең жаңғыртып, заң шығарушы билік жүйесін қайта форматтау қажеттігін атап өткен болатын. Президент Ұлттық құрылтайда еліміздің болашағына қатысты осы мәселелер бойынша нақты ұстанымын білдіретінін айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы парламенттік реформаны іске асыру үшін Конституцияның бірнеше бөлігін қайта қарау қажет екенін жеткізді. Оның айтуынша, ұсынылып отырған түзетулер Қазақстанның сапалық тұрғыдан жаңа саяси моделін қалыптастыруға негіз болады.

Айта кетейік, 19 қаңтар күні құрылтай мүшелері «Әлеуметтік-мәдени даму», «Білім және ғылым», «Азаматтық қоғам», «Экономикалық даму» секцияларында жұмыс жүргізіп, осы салалардағы өзекті мәселелерді талқылады. Бұған дейінгі құрылтай отырыстарында көтерілген ұсыныстар да қайта пысықталды.

Еске салсақ, Ұлттық құрылтайдың IV отырысы 2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда өткен болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: