Қазіргі қоғамдағы ең қауіпті мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік. Әсіресе жастар мен жасөспірімдер бұл қауіптің құрбанына айналуы мүмкін. Есірткі адамды уақытша қызыққа жетелегенімен, оның салдары өте ауыр. Ол денсаулықты әлсіретіп, ойлау қабілетін төмендетеді, мінез-құлқын өзгертеді және адамды өз ортасынан алыстатады.
Ал саламатты өмір салтын ұстанған, білімге қызығып, ізденген жас кез келген ортада өз орнын таба алады. Білімді адам өз ойын еркін жеткізіп, дұрыс шешім қабылдайды және жаман әдеттерге жоламайды. Спортпен айналысу, кітап оқу, мақсат қою – болашаққа апарар дұрыс жол.
Есірткі – еркіндіктің емес, тәуелділіктің жолы. Таза өмірді таңда, денсаулығыңды сақта! Өмір бір-ақ рет беріледі. Жаман әдет болашақты бұзады. Өзіңді сыйла, отбасыңды ойла, жарқын болашаққа бірге қадам басайық. Есірткіден алыс жүр, саналы, жауапты азамат бол, әрдайым жақсы үлгі көрсет басқаларға. Есірткіге «жоқ» деп айту – әлсіздік емес, керісінше, саналы, сапалы таңдау. Жарқын болашақ, жақсы орта, табысты өмір – тек білім мен таза өмір салтын таңдаған жастардың қолында. Есірткіге жол жоқ деп айтайық.
#есірткігеқарсы
#противнаркотиков
Жеткерген Сырым,
№63 орта мектебінің 8-сынып оқушысы,
Арал ауданы,
Ақбай ауылы
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!