Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коммуналдық қызметтердің тұрақты жұмысы қатаң бақылауда

18.01.2026, 17:04 34

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коммуналдық сала жұмысының тиімділігі мен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері қаралды. Жиында өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтау және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы міндеттер талқыланды.

Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне тұрғындардан келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды жедел қарауды, туындаған мәселелерді уақытылы шешуді тапсырды. Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Облыс әкімі су, жарық, жылу және газбен қамту салаларында іркілістерге жол бермеу керектігін айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін ескертті.

Сонымен қатар, мәжілісте қоғамдық көліктердің қатынасын реттеу, электр желілерінде орын алуы мүмкін авариялық жағдайлардың алдын алу мәселелеріне де назар аударылды. Тиісті мекемелерге алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: