Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен ынтымақтастықты талқылады

15.01.2026, 14:00 47

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының президенті Йохан Элиашпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы елімізде 85 мыңнан астам адам шаңғы спортымен жүйелі түрде айналысатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда тау шаңғысы мен шаңғы жарысына арналған кешендер, халықаралық стандарттарға сай мұз ареналары секілді заманауи спорт инфрақұрылымы қалыптасқанын жеткізді.

Президент Қазақстанның алдағы Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына жоспарлы түрде дайындалып жатқанын айтты. Бұл бағытта спортшыларды даярлау, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және халықаралық тәжірибені пайдалану мәселелеріне басымдық берілуде.

Өз кезегінде Йохан Элиаш Қазақстанда спорт саласына көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдіріп, қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп жүргенін атап өтті. Сонымен қатар ол елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға оң баға берді.

Кездесу қорытындысында тараптар Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен тәжірибе алмасу, спортшыларды даярлау, бапкерлер мен төрешілерді оқыту бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: