Елімізде 4 мыңнан астам жерасты су көздері барланған, олардың бекітілген пайдалану қоры жылына 15,7 текше метр шамасында. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов хабарлады.
Министр бүгінгі күні бұр ресурс бекітілген қордың бар болғаны 7-10%-ы ғана пайдаланылып отырғанын атап өтті.
Жерасты сулары жеткілікті зерттелмеген, қорлардың едәуір бөлігі барланбаған күйде қалып отыр, ал олардың нақты әлеуетін айқындау үшін қосымша ауқымды зерттеулер мен бағалау жүргізу қажет. Осыған байланысты, біз жерасты суларын кешенді пайдаланудың тұжырымдамасын әзірлеуді бастаймыз, — деді Нұржан Нұржігітов.
Тұжырымдаманың жүзеге асырылуы жерасты суларын игерудің тиімділігін едәуір арттыруға, халықты және экономика салаларын ұтымды әрі тұрақты сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің су қорын сақтау мен дамытуға ықпал етеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!