Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

”Бомба бар”: Сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды

05.01.2026, 6:30 68

Таразда жарылғыш зат жөніндегі хабарға байланысты сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

4 қаңтарда сағат 17.15 шамасында Тараз қаласының «Mart» сауда орталығына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түсті.

Аталған орынға шұғыл түрде Полиция департаментінің қызметкерлері және басқа да жедел қызметтер шықты. Қазіргі уақытта сауда орталығының ғимараты тексерілуде. Келушілер мен жұмысшылар эвакуацияланды.

Тексеру шаралары аяқталғаннан кейін сауда үйінің жұмысы штаттық режимде жалғасатын болады.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды дүрбелеңге түспеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және уақытша шектеу шараларына түсіністікпен қарауға шақырады, – деп жазылған ресми хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: