Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғандықтар шырша жанына жиналды

23.12.2025, 10:00 58

HALYQLINE.KZ

Кеше Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитов аудан тұрғындарымен бірге бас шыршаның шамын жағу рәсіміне қатысты, деп жазады баспасөз қызметі.

Аудан басшысы жиналған көпшілікті келе жатқан Жаңа 2026 жылмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

– Сіздерді келе жатқан жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жылқы жылы қазақ халқы үшін еркіндіктің, тектіліктің және еңбекқорлықтың символы саналады. Бұл жыл – жаңа бастамалар мен оң өзгерістердің кезеңі. Осы қасиеттерге толы жаңа жыл елімізге молшылық пен береке, жерімізге құт-ырыс әкелсін, — деді аудан әкімі.

Бас шыршаны жағу құрметі қол добынан ҚР спорт шеберлігіне үміткер, ҚР чемпионаттарының жеңімпазы Жания Тәжібаева және пара қол күрестен ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР спорт шеберлігіне үміткер, V Пара Азия ойындарының жүлдегері Исламхан Батырханға берілді.

Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: