Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық дәрігерлер бір күнде үш адамның бүйрегін ауыстырды

16.12.2025, 12:16 49

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында бір күнде үш науқасқа бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

  • Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бауырына бүйрегін берді. Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалды. Бұл жағдайда донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты. Ал үшінші ота 43 жастағы әйел адамға жасалды. Науқастың жұбайы донор болып, бүйрегін берді, — делінген хабарламада. 

Трансплантацияны аурухананың бас дәрігері, трансплантолог, PhD Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының трансплантологтары Ернұр Белгібаев, Елшат Нәбиевтің командасы жасады.

  • Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдап жатыр, — делінген хабарламада. 

Айта кету керек, бұған дейін ауруханада 8 рет бүйрек, 1 бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды.

Еске салсақ, бүгінде Қазақстанда ағза ауыстыруға мұқтаж 4 мыңнан астам адам бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: