Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның барлық өңірінде ескерту жарияланды

01.12.2025, 8:45 310

«Қазгидромет» республиканың 17 облысы мен Астана қаласына 2025 жылдың 1 желтоқсанына арнап дауылды ескерту жариялады. Қыстың алғашқы күнінде Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

1 желтоқсанда бірнеше облыста жүргізушілер үшін ең қауіпті саналатын құбылыстар күтіледі:

Ақмола облысы: Солтүстігінде және шығысында көктайғақ пен тұман болады.

Павлодар облысы: Күндіз солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Түнде солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. (Павлодар қаласында түнде тұман болады.)

Солтүстік Қазақстан облысы: Солтүстігі мен шығысында көктайғақ болжанады. Батысында тұман күтіледі.

Абай облысы: Солтүстігінде қар, жердегі боран (низовая метель) болады. Оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Еліміздің басым бөлігіндегі ауа райының негізгі қаупі қалың тұман болып отыр. Төмендегі облыстарда көру мүмкіндігі шектеледі:

Астана қаласы: Тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы: Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Маңғыстау облысы: Солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Жетісу облысы: Түнде және таңертең орталығында тұман болады. (Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі.)

Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысы: Солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. (Қостанайда тұман болады.)

Атырау облысы: Түнде және таңертең солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Алматы облысы: Түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Түркістан облысы: Батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. (Түркістанда түнде және таңертең тұман болады.)

Жамбыл облысы: Кей уақытта тұман болады.

Ұлытау облысы: Солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда облысы: Солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысы: Солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы: Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді ауа райының нашарлауына байланысты аса сақ болуға шақырды.

Фото: ©El.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: