Қазақстанның танымал спорт журналисі әрі тележүргізуші Диля Ибрагимова өмірден өтті. Соңғы жеті жыл бойы ол «прогрессивті көпошақты лейкоэнцефалопатия» диагнозымен күресіп келген еді, деп хабарлайды halyqline.kz El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
Ауыр дертпен арпалысқан журналист соңғы жылдары әлеуметтік желіде жағдайын ашық жазып, қоғамнан көмек сұрауға мәжбүр болды:
Өкінішке қарай, ауруым күшейіп барады. Кеше ғана көлік айдап жүр едім, бүгін орнымнан тұра алмай қалдым. Жүруім қиындап кетті. Шұғыл түрде ауруханаға жатуым керек. Құрметті достар, тағы да сіздерден көмек сұраймын. Намысты да, ұятты да ысырып қойдым… Қолдау көрсетсеңіздер, алғысымды білдіремін, – деп жазған болатын Facebook парақшасында.
Осы жазбасында ол өзінің банк реквизиттерін де қалдырған еді.
Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Таң», «Хабар» және КТК телеарналарында спорт жаңалықтарының жүргізушісі болды. Артында бір ұлы қалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!