«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамында маңызды кадрлық өзгеріс болды. «ҚЭТТК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Шалқар Рахышев Қоғамның Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.
1986 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келген Шалқар Әбдімәлікұлы – кәсіби жолын табандылықпен қалыптастырған, энергетика саласының білікті маманы. Ол 2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Электроэнергетика» мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр дәрежесін алған.
Өз еңбек жолын 2008 жылдың 13 қазанында «Құмкөл-Сервис» ЖШС сынама электр цехында электромонтер ретінде бастаған ол, жылдар өте келе тәжірибесін шыңдап, жауапты қызмет сатыларынан өтті:
• 2011–2012 жж. – «ҚЭТТК» АҚ Жаңақорған АЭТ-те 3-фазалы электр есептегіш құралдарының шебері;
• 2012–2018 жж. – Жаңақорған электр тарату торабының электр энергиясын есепке алу жөніндегі орынбасары;
• 2018–2023 жж. – Жаңақорған аудандық электр торабының бастығы;
• 2023 жылдан бастап – «ҚЭТТК» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер.
Көпжылдық еңбегі мен салаға қосқан зор үлесі еленіп, ол бірқатар марапаттқа ие болды:
• «Қызылорда қаласына – 180 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.);
• Қазақстан Республикасының «Еңбегі сіңген энергетик» төсбелгісі (2024 ж.);
• Қазақстан Энергетикалық салалық кәсіподағының «Құрмет белгісі» медалі (2024 ж.).
Отбасылы, 3 баланың әкесі.
Шалқар Әбдімәлікұлының бұл тағайындалуы акционерлік қоғамның дамуына жаңа серпін беріп, энергетика саласындағы стратегиялық міндеттердің сапалы орындалуына өз үлесін қосатынына сенім мол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!